Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу жоспарланған: ағымдағы жылдың сәуір-маусым аралығында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: s.barmenbaev@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Дата публикации
06 апреля 2026