Мемлекеттік тілдегі құжат айналымының мониторигі
Комитеттің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 148-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес 2024 жылы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 92% болуға тиіс.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Департаментке және оның аумақтық басқармаларынакеліп түскен құжаттар саны - 8060, оның ішінде 7227-ы мемлекеттік тілде, пайыздық көрсеткіш - 93%. Шығыс құжаттарының саны - 3551, оның ішінде мемлекеттік тілде 3544, пайыздық көрсеткіш - 98%.