Ағымдағы кезеңде біліктілік талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулер кестесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 60 тексеру жоспарланған (6 объект санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы себебінен тексерілмеген – 2, нақты мекенжайды ауыстыру - 3, уақытша жұмыс істемейді – 1), оның ішінде 54 тексеру жүргізілді, кестені орындау 96,4%құрады (негізделген себептерді ескере отырып, жоспарланған 56 тексерудің).
43 нысанда бұзушылықтар анықталды, тексерулердің тиімділігі 79,6% құрады. Соңғы 4 жылдағы тексерулер тиімділігінің үдемелі өсу серпіні байқалады (2020 жылы – 17%, 2021 жылы – 36%, 2022 жылы – 63%, 2023 жылы – 66,4%).
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 14 987 920 теңгеге 27 әкімшілік жаза қолданылды.
Жоспардан тыс 16 тексеру жүргізілді, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 7 тексеру, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша – 9 тексеру.
3 объектіде бұзушылықтар анықталды, тексерулердің тиімділігі 18,7% -. құрады, жалпы сомасы 590 720 теңгеге 4 әкімшілік жаза қолданылды.