2024 жылғы 1 тоқсанда
бақылау және қадағалау объектілерін тексеру кестесін орындау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында
Ақпарат
ҚР ДСМ 2023 жылғы 9 желтоқсандағы №713 Бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесіне сәйкес бақылау және қадағалау объектілеріне 4 тексеру жүргізілді. Бұзушылықтармен жұмыс істейтін объектілердің жалпы үлес салмағы 100% құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша 4 әкімшілік жаза қолданылды, 959 мың теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Бұзушылықтарды жою туралы 3 ұйғарым берілді, сотқа материалдар жіберілді-0.
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілерге жоспардан тыс 12 тексеру жүргізілді, олардың барысында 10 бұзушылық анықталды. 7,7 млн. теңгеден астам сомаға 11 айыппұл өндірілді.
2024 жылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы 66 хабарлама тіркелді.