2024 жылғы 1 тоқсан ішіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, радиациялық фонның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тұрақты бақылауында.

2024 жылдың 3 айында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 4929 атмосфералық ауа сынамасын зерттеді, облыс орталығында 22 сынама гигиеналық нормативтердің талаптарына сәкес келмеді, оның ішінде 12-сі күйе құрамы бойынша, 10-ы шаң құрамы бойынша.

Мониторинг жүргізу шеңберінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тоқсанында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 700 ауыз су сынамасы зерттелді, оның ішінде 1 сынама (0,1%) ЖМС (жалпы микробтық сан) бойынша талаптарға сәкес келмеді және 651 ауыз су сынамасы санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге зерттелді, оның ішінде 39 сынама (6 %) нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмеді. Ауыз судың сәйкес келмейтін сынамаларының негізгі бөлігі жалпы қаттылық, жалпы минералдану, сульфаттар мен хлоридтер бойынша, олар облыс аудандарындағы қоғамдық құдықтар мен ұңғымалардан алынды.

Дата публикации
29 марта 2024