2023 жылдың 12 айында
бақылау және қадағалау объектілерін тексеру кестесін орындау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында
Ақпарат
ҚР ДСМ 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №1107 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесіне сәйкес бақылау және қадағалау объектілеріне 271 тексеру жүргізілді. Бұзушылықтармен жұмыс істейтін объектілердің жалпы үлес салмағы 66,4% құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша 143 әкімшілік жаза қолданылды, 75,3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Бұзушылықтарды жою туралы 119 ұйғарым берілді, сотқа материалдар жіберілді-4.
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілерге жоспардан тыс 65 тексеру жүргізілді, олардың барысында 54 объектіде бұзушылықтар анықталды (83,1%). 37,2 млн. теңгеден астам сомаға 106 айыппұл өндірілді.
2023 жылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы 440 хабарлама тіркелді.