2023 жылдың 8 айына бақылау-қадағалау қызметінің қорытындылары

2023 жылдың 8 айында санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау және қадағалау объектілерін

тексеру кестесін орындау бойынша

ақпарат

 

ҚР ДСМ 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №1107 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы 2023 жылға бақылау және қадағалау объектілерін 226 тексеру жоспарланған, оның ішінде 193 тексерілді, 2023 жылғы қыркүйектегі (8 ай) жағдай бойынша тексерулерді қамту көрсеткіші 85%.

Бұзушылықтармен жұмыс істейтін объектілердің жалпы үлес салмағы 69% құрады.

Тексеру қорытындысы бойынша 95 әкімшілік жаза қолданылды, 56,8 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Бұзушылықтарды жою туралы 74 ұйғарым берілді.

Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілерге жоспардан тыс 27 тексеру жүргізілді, олардың барысында 24 объектіде бұзушылықтар анықталды (88%). 4 млн. теңгеден астам сомаға 8 айыппұл өндірілді.

8 ай ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы 221 хабарлама тіркелді.

 

Дата публикации
26 сентября 2023