2023 жылғы жұмыс туралы қысқаша есеп

Бүгінгі таңда Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде - 135 мемлекеттік қызметші, оның ішінде Департаментте – 40, 1 қалалық басқармада – 26 және 13 аудандық басқармада – 69 адам.

2023 жылдың ағымдағы кезеңінде СҚО БСЭК мемлекеттік қызметшілерінің арасында Әдеп кодексін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі уәкіл Әдеп кодексін, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аумақтық басқармалардың ұжымдарымен кездесу мақсатында аумақтық бөлімшелерге 5 рет барды. 10 мемлекеттік қызметшіге консультациялық көмек көрсетілді.

Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша барлығы 12 түсіндіру іс – шарасы өткізілді, оның ішінде семинарлар мен дәрістер түрінде-4, интернет – ресурстарда, әлеуметтік желілерде орналастыру (Фейсбук, Инстаграм) - 8.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшіге нұқсан келтіретін және беделін түсіретін және қоғам тарапынан сынға себеп болатын кез келген фотосуреттерді немесе бейнежазбаларды жариялауға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін теріс Жарияланымдар анықталған жоқ.

СҚО БСЭК ресми интернет-ресурсында департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормаларды сақтауы бойынша онлайн-сауалнама орналастырылды, жауап нәтижелеріне сәйкес респонденттер азаматтармен қарым-қатынаста қызметкерлердің әдептілігін оң атап өтеді.

Дата публикации
19 сентября 2023