Рекомендации по использованию ЭЦП

ЭЦҚ пайдалану бойынша ұсынымдар

"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 – бабының 1-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қоюшының өз қолымен жасалатын қолтаңбасына тең және бірдей заңдық салдарға әкеп соғады.
Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ның жабық кілттері оларды заңды негізде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Осылайша, ЭЦҚ-ның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Заңның 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тіркеу куәлігінің иесі өзіне тиесілі ЭЦҚ жабық кілтін заңсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін шаралар қабылдауға, сондай-ақ ашық кілттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 640-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ЭЦҚ саласындағы бұзушылықтарды болдырмау үшін мынадай ұсынымдарды ұстану қажет:
1. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру алып тасталсын. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге өкілеттік беру және оларға өздерінің электрондық қолтаңбаларын беру қажет. Ол үшін ұйым басшысының құқықтық актісімен тиісті тұлғаға қол қою құқығын беру және оның атына ЭЦҚ шығару қажет (қызметкерге сенімхат бойынша оның атына шығарылған басшының ЭЦҚ беру заңсыз болып табылады);
2. ұйымнан ЭЦҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалау және олардың ЭЦҚ-сын кері қайтарып алу;
3. жоғалған жағдайда, алдыңғы ЭЦҚ-ны дереу кері қайтарып алып, ЭЦҚ-ны қайта шығарсын.

Дата публикации
18 сентября 2023