📌 2022 жылғы 28 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.М. Барменбаевтың төрағалығымен Департамент және «ZOOM» бағдарламасы арқылы аумақтық басқармалардың мамандарына құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша семинар өткізілді.
📍 Семинардың тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын түсіндіру», «8 айдың нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу» және «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау»
📍 Семинарды өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы болды.
📢Семинар қорытындысы бойынша департаменттің лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін реттейтін заңнама нормаларын түсіндіру бойынша ұсыныстар берді, Департамент мамандары барлық сұрақтарға жауап алды.