№ 50-Ө/П от 08.05.2026
2026 жылғы 2 жартыжылдықтағы
ерекше бақылау және қадағалау
субъектілерінің (объектілерінің)
жартыжылдық тізімін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ 51-1, 51-2-баптарына, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 23 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Департамент), БҰЙЫРАМЫН:
1) 2026 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімін уақтылы және сапалы орындауды;
2) өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін белгіленген мерзімдерде тиісті ақпараттық жүйелерге енгізуді;
3) ерекше бақылау және қадағалау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
1) департаменттің интернет-ресурсында 2026 жылдың 2 жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімін орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Департаменттің аумақтық басқармалары мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін;
3) 2026 жылғы 2 жартыжылдыққа ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) бекітілген тізімі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға электрондық түрде жіберілсін.
Басшы Ә. Жұматаев
Согласовано
08.05.2026 09:00 Асылбекова Г.А.
08.05.2026 09:00 Мурталимова Айгуль Ураловна
08.05.2026 09:15 Аждарова Гульнара Сагынбековна
08.05.2026 09:17 Барменбаев Самат Маратович
08.05.2026 09:18 Горлова Татьяна Леонидовна
08.05.2026 10:01 Кушбасов Арман Сайлаубаевич
Подписано
08.05.2026 10:51 Жуматаев Асет Тургумбекович