Меню

Страницы

Статья

Тағам өнімдерін тасымалдауға қойылатын басты талаптар.

        Тағамнан уланудың алдын алу бағытында  көбіне шикізаттың сақталыну жағдайы мен қауіпсіздігіне, дайын тағам өнімдерінің әзірлену кезіндегі технологиялық процестердің сақталынуына назар саламыз. Дегенмен бұл бағытта шикізаттың, жартылай дайын фабрикаттардың, дайын тағам өнімдерінің тасымалдануы кезіндегі талаптардың сақталынуы да аса маңызды. Сол талаптарға қысқаша тоқталып өтейік:

      - жалпы азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер  немесе заңды тұлға болсын қызметін бастамас бұрын Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының талаптарына сәйкес аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына хабарлама беруі;

     - Азық түлік өнімдерін тасымалдайтын тұлғаның медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар  медициналық кітапшаларының болуы;  

      - Нысандарға өткізілетін және сауда нысандарынан қайтарылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға тек мамандандырылған көлік құралдары мен контейнерлерді пайдалануы;  

     - Көлік құралдары және контейнерлердің ішкі беті, тағам өнімдеріне арналған сыйымдылықтар уытты емес тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын материалдардан жасалынып,  тамақ өнімдерін ластанудан, жануарлардың, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз ететін жағдайдың болуы;

     - Тамақ өнімдері түрлері бойынша әсіресе, ерекше иісі бар тамақ өнімдері мен бөгде иістерді қабылдайтын, сіңіретін тамақ өнімдерінің  бөлек сақталынуы мен тасмалдануы;

      - Қабылдау, тасымалдау және түсіру кезінде тамақ өнімін атмосфералық жауын-шашыннан, ылғалдан қорғалуы;

    - Азық-түлік өнімдерін тасымалдау және өткізу кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауардың ілеспе құжаттарымен, қауіпсіздігін растайтын, сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттармен, тасымалдау жағдайлары және сақтау мерзімі туралы ақпаратпен қоса жүруі сияқты басты талаптардың сақталынуы халық арасында тағамнан улану мен өткір ішек және тағы басқа  да жұқпалы аурулардың алдын алуда аса маңызды екенін естен шығармайық.

Дата публикации
06 мая 2025
Дата обновления
06 мая 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
«Салауатты университет» және «Салауатты колледж»
Пайдалы ақпарат
13 октября 2026
Оба
Пайдалы ақпарат
13 октября 2026
Хантавирус

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы