Меню

Страницы

Статья

Емдеу мекемелерінде ылғалды жинау жұмыстары қалай жүргізіледі

Емдеу мекемелері инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмау мақсатында эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимдерді сақтай отырып, ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) жұмыстарын ҚР-да қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет  жүргізуі тиіс. 

Сонымен қатар, операциялық, кіші операциялық блоктарда, стерильдеу, босандыру залында, босандыру палаталарында, таңып-байлау, манипуляциялық, тексеріп-қарау, егу, емшара, стоматологиялық кабинеттерде, хирургиялық бейіндегі кабинеттерде, сүт бөлмесі үй-жайларында күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей және  күйік алған пациенттерге арналған палаталарда, инфекциялық аурулармен, іріңді-септикалық инфекциялармен, туберкулезбен ауыратын пациенттерге арналған палаталарда, асептикалық палаталарда пациенттерді бір мезгілде шығарғаннан кейін, сондай-ақ науқас қайтқан кезде күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі жинау кезінде сақталатын талаптар:

1) жұмыскерлер арнайы бөлінген санитариялық киімді пайдаланады және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады;

 2) жинау бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдаланыла отырып жүргізіледі;

 3) үстіңгі беттерді ылғалды жинау жуу құралдары ертінділерімен мынадай тізбекпен жүргізіледі: төбе, терезелер мен терезенің алды, қабырғалар мен есіктер - жоғарыдан төмен қарай, жабдық, еден - төр жақтағы қабырғадан есікке қарай, дәретхана соңғы кезекте жиналады;

 4) қолданылған жуу құралдарын шаю бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдалана отырып сумен жүзеге асырылады;

5) қабырғаларды, терезенің алдын, еденді, жабдықтарды, жиһаздарды дезинфекциялау оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі;

6) санитариялық киімді және қорғаныш қолғаптарын тазасына ауыстыруды жұмыскерлер қолданылған химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю кезеңінің алдында жүргізеді;

7) химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю шүберекті пайдалана отырып сумен жүргізіледі. Егер дезинфекциялау қолданылғаннан кейін шаю рәсімін талап етпейтін химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізілетін болса, шаюды жүргізбеуге болады;

  8) үй-жайларды күрделі жинау жүргізілгеннен кейін жинау мүкаммалын дезинфекциялау, тазалау және кептіру жүргізіледі;

  9) жинау аяқталғаннан кейін нұсқаулыққа сәйкес есепті уақытқа бактерицидті сәулелегіштер қосылады.

 

Дата публикации
26 марта 2025
Дата обновления
26 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 октября 2026
«Салауатты университет» және «Салауатты колледж»
Пайдалы ақпарат
13 октября 2026
Оба
Пайдалы ақпарат
13 октября 2026
Хантавирус

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы