Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу жоспарланған: ағымдағы жылдың сәуір-маусым аралығында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: ru.nysanbaev@dsm.gov.kz ba.tursynbek@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Дата публикации
06 апреля 2026