«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ қызметінің 2025 жылдың 4 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
03.06.2025ж Шымкент қаласы
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2025 жылдың 18 сәуір №65 н/қ бұйрығына (әрі қарай -бұйрық) сәйкес бекітілген жұмыс тобының құрамымен «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ және аумақтық басқармаларында (әрі қарай-Департамент, аудандық басқармалар) қызметінің 2025 жылдың 4 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу Ережесі» талаптарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы келесі құрамда өткізіледі:
Жұмыс тобының басшысы:
Департамент басшысының орынбасары- Б.Нурманов.
Жұмыс тобының мүшелері:
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Ж.Кескимбаев;
Персоналды басқару қызметінің басшы м.а. - У.Усипбаева;
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы - А.Найманбаева
Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі - О.Кузнецова;
Коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы- М.Каракулова;
Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы - А.Даулетова;
Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы -Р.Аханова;
Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы - Г.Жолымбекова;
Өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы - А.Тасболтаев;
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы - Р.Нысанбаев
Департаменттің және аудандық басқармалардың қызметін реттейтін құқықтық актілері қаралып, құқықтық актілерге бір-біріне қайшы келетін нормалар анықталмады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Персоналды басқару қызметі бойынша:
2025 жылдың 4 айы бойынша лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі реттелген, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер лауазымдарына орналасуға 6 (4-ішкі, 2 жалпы) конкурс жүргізілді. Конкурстар белгіленген талаптармен қатаң сәйкестікте жүргізілді: қажетті ақпарат Департаменттің сайтында және ақпараттық стендтерде уақтылы орналастырылды, әңгімелесу жүргізу бойынша конкурс комиссиясының отырысында бақылаушылар қатысты, үміткерлер үшін жарияланған лауазымдарға сұрақтар бекітілді, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде ашықтық қағидасы сақталды.
Конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымына көтеру 3 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері заң шеңберінде тағайындалды.
Мемлекеттік қызметке жаңадан 2 маман қабылданды. 1 маман басқа аумақтық департаменттен конкурс нәтижесімен тағайындалды. 9 маман аудандық басқармада конкурс нәтижесімен тағайындалды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 164 штаттық бірлікті құрады, бос лауазымдар саны – 12, штат жинақталуы – 92,6 %.
2025 жылдың 4 айы бойынша кадрлардың таза ауысуы – 3,9 % құрайды, немесе 6 мемлекеттік қызметкер. 2 маман мемлекеттік қызметтен ауысу тәртібімен, 2 маман басқа қалаға көшумен, 2 маман мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс себептермен жұмыстан босатылды.
Департамент басшысының 2025 жылдың 4 ақпандағы № 8 н/қ бұйрығына сәйкес еңбек тәртібін және этиканы бұзған, лауазымдық өкілеттілігін асырған, кінәлі орындамаған және жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаған, құқыққа қарсылық жасаған тұлғаларға қатысты тәртіптік өндіріс жүргізу тәртібін анықтау үшін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуы мақсатында Тәртіптік комиссия құрылды.
2025 жылдың 4 айы бойынша Департаментке мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы хабарламалар келіп түскен жоқ.
Тәртіптік комиссияның қарауынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны (қызметкер тәртіп бұзушылықпен келіседі) - 7, оның ішінде ескерту - 4, сөгіс - 3.
Алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу фактысы анықталмады.
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылған саны - 7, оның ішінде басшылық мемлекеттік лауазымдарды атқаратындар - 5, басқа мемлекеттік лауазымдардағы - 2.
Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактісі бойынша - 0, қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша 0, Қазақстан Республикасының басқа заңнамасының нормаларын бұзу фактісі бойынша-7.
Тәртіптік жазалар тәртіптік комиссияның және басқа уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша тағайындалды -1, оның ішінде:
- тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша -1, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін - 0, Қазақстан Республикасының басқа заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін-0, қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін -1. Тәртіптік жаза қолданылды -1, оның ескерту -1, сөгіс -0, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту-0;
- уәкілетті органның ұсынысы бойынша -0, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін -0, Қазақстан Республикасының басқа заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін -0, қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін - 0. Тағайындалған тәртіптік жаза -0, оның ішінен ескерту-0, сөгіс - 0, қатаң сөгіс-0, қызметке толық сәйкес келмейтіндігі туралы ескерту -0, жұмыстан босату -0.
Тәртіптік жазалары тым қысқа мерзімді алып тастау фактісі жоқ. Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектелген адамдарға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау фактісі анықталмады.
2025 жылдың 4 айы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша:
Бюджет және қаржы қаражатын мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы орналастырылды. Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің қызметі 2025 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары 60 990 472,9 мың теңгеге бекітілді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, «Азаматтық сатып алу» веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
2025 жылдың 4 айы бойынша жылдық жоспарға 5 өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, заңмен белгіленген мерзімде «Мемлекеттік сатыбалу» сайтында орналастырылып, бекітілді.
Баға ұсыныстарын сұрау әдісі бойынша 17 482 829,40 мың теңге келісім-шарттар жасалды (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлар, телевизорлар, елтаңбалар сатып алу, полиграфиялық өнімдерді дайындау, сақтандыру, қоқыс шығару қызметтері, өрт дабылы, бейнебақылау және т. б); Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілін қолдану арқылы 10 953 413,74 мың теңге сомасына шарт жасалды (Бейнебақылау үшін қатты дискіні сатып алу, автокөлікке/арнайы техникаға техникалық қызмет көрсету қызметтері, кір сабын, дәретхана сабыны, ассортименттегі тұрмыстық тауарлар (қоқыс дорбасы, шүберек)). Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілін қолданып, 983 411 149,82 мың теңгеге келісім-шарттар жасалды (коммуналдық қызметтер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің қызметтері, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қызметтері, қаржы аударымдары бойынша банк қызметтері). Мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұйымдастыру жұмысытары бойынша:
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен басқармалары бойынша 2025 жылдың 4 ай кезеңде жеке және заңды тұлғалардан жалпы –809 өтініш тіркелді, соның ішінде заңды тұлғалардың өтініштері – 92, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 717, жеке қабылдау – 24. (Департамент бойынша - 255 жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде заңды тұлғалардан-30, жеке тұлғалардан -225, жеке қабылдауға-0; Абай ауданына - 75 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан-9, жеке тұлғалардан-66 өтініш, жеке қабылдауға - 3; Әл-Фараби ауданына –203 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан-27, жеке тұлғалардан -176 өтініш, жеке қабылдауға - 12; Еңбекші ауданына - 55 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан-7, жеке тұлғалардан – 48 өтініш жеке қабылдауға – 3; Қаратау ауданына - 114 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан-9, жеке тұлғалардан-105 өтініш, жеке қабылдауға - 2. Тұран ауданына – 107 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан-10, жеке тұлғалардан-97 өтініш, жеке қабылдауға - 4).
Барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралды.
Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексі нормаларының талаптарына сәйкес толық, толық және дәлелді жауаптар берілді.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілер бойынша:
2025 жылдың 4 айында өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі тарапынан рәсімделген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларға (жоба) барлығы 166 өтініш түсіп, 162 санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды рәсімделген.
Абай аудандық СЭББ – 49 өтініш (2 түзетумен);
Әл-Фараби аудандық СЭББ – 20 өтініш;
Еңбекші аудандық СЭББ – 27 өтініш;
Қаратау аудандық СЭББ – 39 өтініш;
Тұран аудандық СЭББ – 29 өтініш түсіп, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды рәсімделген;
Шымкент қаласы СЭБД – 2 өтініші түсіп, дәлелді бас тартылған.
Рәсімделген санитариялық - эпидемиологиялық қорытындылары департамент тарапынан зерделенді.
Қорытындылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйырығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 31.08.2023ж. №122 бұйрығының талаптарын сақтай отырып рәсімделген. Қаралу мерзімі бұзылмаған.
Қабылданған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдар түскен жоқ, әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалған жоқ.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Коммуналдық объектілер бойынша:
2025 жылдың 4 айында аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларына (бұдан – әрі СЭББ) 224– өтініш келіп түскен, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – СЭҚ) берілгені – 164, бейінді бас тартылған туралы құжат берілгені –28, түзетілгені - 32.
Абай ауданы бойынша өтініш келіп түскені - 43, СЭҚ берілгені - 36, бейінді бас тарту берілгені – 1, түзетілгені – 6. Әл-Фараби ауданы бойынша өтініш келіп түскені - 59, СЭҚ берілгені - 36, бейінді бас тарту берілгені - 13, түзетілгені – 10. Еңбекші ауданы өтініш келіп түскені - 19, СЭҚ берілгені – 16, бейінді бас тарту берілгені - 1, түзетілгені – 2. Қаратау аудандық басқарма бойынша өтініш келіп түскені- 52, СЭҚ берілгені – 47, түзетілгені - 5. Тұран аудандық басқарма бойынша - 51, СЭҚ берілгені - 29, бейінді бас тарту - берілгені-13, түзетілгені - 9.
Мерзімінен кешіктіріліп берілген СЭҚ анықталмады, зертханалық зерттеулер қорытындылары ұсынылған.
Абай аудандық СЭББ «АЗК АЛМАЗ» ЖШС – ның су ұңғымасына мемлекеттік қызмет көрсету кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына зерделеу жүргізіп, біршама кемшіліктер анықталып, дәлелді бас тарту құжаты ұсынылған.
«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығының (бұдан әрі - ҚР ДСМ 20.02.2023жылғы № 26 бұйрығы) 2-тарау, 1-параграф, 3 тармағы бойынша ауыз су мен ыстық судың сапасы мен қауіпсіздігі «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) (бұдан әрі – гигиеналық норматив) сәйкес мониторинг жүргізуі тиістігі және 2-тарау, 1-параграф, 24, 25 тармағына сай Геологиялық және гидрологиялық жағдайы бойынша мәлімет болуы көрсетілген.
Бірінші сұрақ бойынша: - мониторинг жүргізу ҚР ДСМ 20.02.2023жылғы № 26 бұйрығының 2-тарау, 1-параграф, 3 тармағы бойынша ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұңғыма қызметін бастағанда, халықты ауыз сумен қамтамасыз еткенде мониторинг жүргізуі қарастырылған.
Екінші сұрақ бойынша: - халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ұңғыманың құрылыс жұмыстарын жүргізген кезінде геологиялық және гидрологиялық деректер бойынша санитариялық талаптар қойылатынын түсіндірілген.
Зерделей келе, дәлелді бастарту берген кезде осы аталған пунктер бойынша Абай аудандық СЭҚБ-ң мамандары ҚР ДСМ 20.02.2023жылғы № 26 бұйрығының талаптарына сай рәсімдеген, бірақ аталған сұрақтар бойынша, нысан құрылыс жұмыстарын жүргізген кезінде геологиялық және гидрологиялық деректер болуы қажет екені және мониторинг жүргізу толығырақ нысан жұмыс жасауды бастаған кезде бақылауға алу керектігі түсіндірілді.
Департаменттің тарапынан Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы 42/1 ғимараттағы «Утилизация отходов» ЖШС-ның алдын ала санитарлық қорғау аумағын растау бойынша жоба қаралды.
Мемлекеттік қызметтердің мерзімінен кешіктірулерді болдырмау мақсатында бөлім мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізеді.
2025 жылдың 4 айында бөлім мамандары тарапынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 224 өтінішті Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес қарап, барлық өтініштер өз мерзіміне сәйкес қаралған.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Тамақтану объектілері бойынша:
ҚР ДСМ СЭБК Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша 2025 жылдың 4 айында, тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау саласы бойынша, аумақтық басқармалар мен департамент тарапынан рәсімдеуге барлығы 30 өтініш түсіп, 26-на санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, оның ішінде 7-і есептік нөмірімен, 3 дәлелдемелі бас тарту о.і. 2-уі 2 күн ішінде болса, 1-уі тексеруден кейін, 1-түзету рәсімделген.
Абай аудандық СЭББ – 3 өтініш түсіп, 2 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, 1 дәлелдемелі бас тарту тексеруден кейін рәсімделген;
Әл-Фараби аудандық СЭББ – 8 өтініш түсіп, 7 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, 1 дәлелдемелі бас тарту 2 күн ішінде рәсімделген;
Еңбекші аудандық СЭББ- 6 өтініш түсіп, 5 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 5 есептік нөмірімен, 1 түзету рәсімделген;
Қаратау аудандық СЭББ- 8 өтініш түсіп, 8 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 2 есептік нөмірімен рәсімделген;
Тұран аудандық СЭББ- 5 өтініш түсіп, 4 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, 1 дәлелдемелі бас тарту тексеруден кейін рәсімделген;
Шымкент қаласы СЭБД- өтініш түспеген;
Рәсімделген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары) департамент тарапынан зерделенді.
Қорытындылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйырығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының № 122 31.08.2023ж. бұйрығының талаптарын сақтай отырып рәсімделген. Қаралу мерзімі бұзылмаған.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Білім беру және тәрбиелеу объектілері бойынша:
2025 жылдың 4 айында білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларға барлығы 97 өтініш түскен, берілгені – 74 (балабақша – 20, асхана – 21, жатақхана - 2, мектеп – 22, түзету орталығы -9), дәлелді бас тарту – 14, түзетілген - 9.
Абай аудандық СЭБ басқармасы бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 26 өтініш түскен, берілгені – 22 (асхана - 5, балабақша-5, жатақхана-1, мектеп – 8, педагогикалық-психологиялық түзету орталығы-3), дәлелді бас тарту – 1, түзетілген – 3.
Аль-Фараби аудандық СЭБ басқармасы бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 13 өтініш түскен, берілгені – 10 (асхана-7, мектеп -3 ), дәлелді бас тарту – 2, түзетілген – 1.
Еңбекші аудандық СЭБ басқармасы бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 7 өтініш түскен, берілгені – 7 (асхана-3, мектеп -2, балабақша – 1, әлеуметтік орталығы - 1), дәлелді бас тарту – 0, түзетілген – 0.
Қаратау аудандық СЭБ басқармасы бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 24 өтініш түскен, берілгені – 20 (асхана - 3,
балабақша –8, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы-3, мектеп - 6), түзетілген – 3, дәлелді бас тарту –1.
Тұран – аудандық СЭБ басқармасы бойынша - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға 27 өтініш түскен, берілгені – 15 (мектеп -3, балабақша – 6, жатақхана-1, әлеуметтік орталығы-2, асхана - 3), түзетілген-2, дәлелді бас тарту – 10.
Берілген санитариялық - эпидемиологиялық қорытындыларда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 122-НҚ бұйрығының талаптарын сақтай отырып рәсімдеу керектігі ескертілді. Мерзімінен кешіктіріліп берілген қорытындылар анықталмады.
Қорытындылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 31.02.2023 жылғы №122 бұйрығының талаптарын сақтай отырып рәсімделген. Қаралу мерзімі бұзылмаған.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Техникалық регламенттердің талаптары бойынша:
Абай ауданы бойынша: Бақылау үшін сатып алу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттік бюджеттен 260 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айына 323100 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.
Әл-Фараби ауданы бойынша: Бақылау үшін сатып алу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттік бюджеттен 260 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айына 324600 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.
Еңбекші ауданы бойынша: Бақылау үшін сатып алу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттік бюджеттен 260 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айына 324600 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.
Қаратау ауданы бойынша: Бақылау үшін сатып алу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттік бюджеттен 260 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айына 324600 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.
Тұран ауданы бойынша: Бақылау үшін сатып алу мақсатында 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына мемлекеттік бюджеттен 260 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айына 323100 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметі:
2025 жылдың 4 ай бойыша құқықтық қамтамасыз ету бөліммен жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкердің лауазымды адамдардың әрекетсіздігіне 19 шағымдар қаралып, оның ішінде 1-уі арыз иесінің жазбаша арызы негізінде кері қайтарылды.
Барлық өтініштер бойынша уақтылы жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметі
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 2-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес, қызметті көрсету қажет.
Алайда, кей жағдайларда бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілерінен басқа да қызмет түрлеріне (медициналық нысандар, тамақтану, білім беру т.б.) есептік нөмірлер берілгендігі анықталды.
Аудандық басқармалардағы арыз-шағымдар бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер практикасында келесідей жиі кездесетін жағдайлар анықталды. Мысалы: А.Абдибаевтың ЖТ-2154-65 санитариялық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактісі бойынша арызы негізінде «Отбасы» кафесіне жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Мамандар тарапынан зертханалық зерттеулер шу, иіс т.б. сынамалар алынып нәтижесі оң нәтиже көрсеткен, сонымен қатар басқада көзбен көріп қарау барысындағы кемшіліктер анықталған. Алайда, тексеру мерзімі барысында немесе тексеру аяқталуға жақын қалған уақытта арызданушы тарап, арызды қараусыз қалдыру туралы қарсы өтініш түсірудің нәтижесінде, тексеру жұмыстары қысқартылған. Аталған мысал бойынша аудандық басқармаларда жиі кездесіп отыр.
Бұл ретте кемшіліктер анықталған жағдайларда, адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін ықтималдар жағдайларында тексеру нәтижесінің аяқсыз қалуы, кемшіліктердің түпкілікті жою туралы нұсқамалардың берілмей қалуына әкеліп соғып отыр.
Ұсыныс: Арыз бойынша тексеру амалдары басталған жағадайда арызды арызданушының арызды қарауыз қалдыру өтінішіне қарамай тексеруді соңынадейін жүргізіп аяқтау бойынша Әкімшілік рәсімдік процестік Кодекстің 70 бабы және ҚР Кәсіпкерлік Кодекстің 144 бабы және т.б. талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс беру.
Жұмыс тобының басшысы
Департамент басшысының орынбасары Б.Нурманов
Қүқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж.Кескимбаев
Персоналды басқару қызметінің басшы м.а. У.Усипбаева
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау
бөлімінің басшысы А.Найманбаева
Әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік
сатып алулар бөлімі О.Кузнецова
Коммуналдық объектілерді бақылау және
Қадағалау бөлімінің басшысы М.Каракулова
Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау
бөлімінің басшысы А.Даулетова
Білім беру және тәрбиелеу объектілерін
бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Р.Аханова
Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау
Бөлімінің басшысы Г.Жолымбекова
Өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді
бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы А.Тасболтаев
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Р.Нысанбаев