«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31713 болып тіркелген) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидалары бекітілді. Осы Қағидаларға сәйкес 2025 жылғы 25 сәуір мен 3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде, осыған байланысты 27 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы жариялаймыз.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Мекен-жайымыз: Шымкент қ., Кунаева д-лы 27, сым: 8 (7252) 28-28-71.