Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 11 наурыздағы №2 жағдайы бойынша шұғыл хабарлама АХЖ -10 диагноз L 03.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): қатыстырылған жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 12.03 бастап - 2026 жылғы 07.04 дейін.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК ШЖҚ, Екібастұз қ., С.Торайғыров көш., 32. 6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: №7 палатада толып кету байқалады, палаталардың циклдік толтырылуы байқалмайды, емдеу бөлмелерінде көктамырішілік инъекцияға арналған емдеу үстелінің беті және медициналық кушетка зақымдалған, емдеу бөлмесінде бір реттік қолғап пен инъекция алаңын өңдеуге арналған стерильді бір реттік антисептикалық майлықтардың қоры жетіспейді.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК ШЖҚ, Екібастұз қ., С.Торайғыров көш., 32.
8. Қабылданған шаралар: Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.