Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеужүргізудіңнегізі: 2026 жылғы 10 наурыздағы № 37 шұғыл хабарламаның тіркеуіне қатысты: «бас терісінің және тегіс терінің микроспориясы» В35.4
- Тексеру жүргізгенбақылаужәнеқадағалауорганы – «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) тартылған жоқ
- Тергеужүргізумерзімі 2026 жылғы 25 ақпаннан бастап 2026 жылғы 19 наурызға дейін
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Медициналық кабинет Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің «А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ» КММ Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 67.
- Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілерталаптарыныңанықталғанбұзушылықтарыныңсебептеріменсипаты- Тергеу барысында келесі бұзушылықтар анықталды: - Дезинфекциялық құралдарды пайдалану журналына енгізілген жазбаларға сәйкес, мектептің дәретханаларында (едендер, есік тұтқалары, кран тұтқалары, қол жууға арналған ыдыстар және унитаздар) дезинфекциялық құралдарды қолданып тазалау жүргізілмеген. - 2026 жылғы 10 наурызда жұқпалы аурулармен байланыста болған адамдарды есепке алу журналына енгізілген жазбаларға сәйкес, 5 «А» сыныбының оқушысы мектепте сабақтарда болған және медициналық мейірбике тексерген. Алайда, мектеп директорының міндетін атқарушы ұсынған ақпаратта (электронды күнделік «Күнделік» деректерінен алынған) бұл оқушы сол күні (сырқатына байланысты) сабақтарға қатыспаған. Анықталған бұл факт байланыста болған адамдарды тиісті медициналық бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
- Халықтыңсанитариялық–эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілердіңталаптарынбұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар –жеке тұлғалар.
- Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.