Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу

Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу – мемлекеттік бақылау шеңберінде өнімді тауар түріндегі сатып алу. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

 Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен 701 өнім сынамасы іріктеп алынды (ҚР – 47, ЕАЭО – 386, басқалары – 268). Оның ішінде 454 тағам өнімдерінің және 247 азық-түлік емес өнімдерінің сынамалары іріктелініп алынды.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін 174 өнім сынамасы анықталды (ҚР – 2, ЕАЭО – 37, басқалары – 135). Анықталған сәйкессіздіктер бойынша 13 нысанға өнімді (тауарды) өткізуден алу және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылды.

Тұтынушылар өнімді (тауарларды) бақылау мақсатында сатып алу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдер туралы өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/1?lang=ru&type=_204 интернет-ресурсында біле алатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
07 апреля 2026