Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 ж. 25.02. №192 шұғыл хабарлама, диагноз: А15.0.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Успен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) -жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу 2026 жылғы 3 наурыздан бастап 2026 жылғы 20 наурызға дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Успен аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Абай көшесі, 99.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: «Жұқпалы аурулардың (туберкулездің) алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің м.а. 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚРДСМ-29 бұйрығының 2-тарауының 42-тармағының 2-тармақшасын сәйкес байланыстарды уақтылы тексермеу, бұл бұзушылық болып табылады
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (жалпы тәжірибелік дәрігер).
- Қабылданған шаралар: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды.