Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 23 ақпандағы № 22, № 23, № 24, № 25, № 27 жағдайына қатысты шұғыл хабарламалар
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап 2026 жылғы 20 наурызға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – бұзушылықтар анықталған жоқ
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілердіңталаптарынбұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды