Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 14 қаңтардағы №423 В35 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама, «М.Алимбаев атындағы ЖОББМ» КММ оқушысында
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап 2026 жылғы 22 ақпанға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «М.Алимбаев атындағы ЖОББМ» КММ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет барған сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Мектепте қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық тексеру кезеңінде мектепте жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Бұл жағдай объектімен байланысты емес. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңдытұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды