Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТҰК» АҚ кәсіпорны қызметкерінің кәсіптік ауруына байланысты 13.01.2026 жылғы № 6 шұғыл хабарлама;
- Тергеу жүргізген, бақылау-қадағалау органы: «Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақсу қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандары
- Тергеу жүргізу мерзімдері: 2026 жылғы 15 қаңтар мен 2026 жылғы 13 ақпан аралығында (30 күн)
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТҰК» АҚ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Жағдай туындаған жердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай зерттелді. Үй-жайлардың санитарлық жағдайын, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бағалай отырып, тексеру жүргізілді. Профилактикалық іс-шаралардың жүргізілгенін растайтын құжаттама тексерілді: медициналық тексерулер, зертханалық зерттеулер, өндірістік бақылау және жұмыс орындарын аттестаттау. Жұмыс орнындағы жұмыс аймағының ауасын зертханалық-аспаптық өлшеу жүргізілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері талданды, санитарлық нормаға сәйкестігі туралы қорытынды жасалды. Медициналық құжаттамаға (амбулаториялық карталар, тексеру журналдарына) бағалау жүргізілді. Зертханалық зерттеулер мен құжаттаманы зерделеу нәтижелері бойынша санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылуы анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
- Қабылданған шаралар: -