Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: 09.01.2026 ж. №1 бойынша да A16.0 «Оң өкпенің инфильтративті туберкулезі, МБТ (-), дәріге сезімтал ТБ, жаңа жағдай» жағдайы туралы шұғыл хабарлама.
- Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау басқармасы: Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- 3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 12.01.2026 ж. – 10.02.2026 ж. Нақты аяқталған күні – 06.02.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Хмельницкое ауылының дәрігерлік амбулаториясы, ШЖҚ «Шарбақты аудандық ауруханасы» КМК.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:
Анықталған бұзушылықтар:
- ЖТД дәрігерінде туберкулезге қатысты қырағылықтың болмауы.
- Науқасты уақтылы және толық тексеруден өткізуге бақылаудың болмауы.
- ӨСОА диагнозымен диспансерлік есепке алынбаған. ӨСОА-мен ауыратын адамдар санатындағы «жоғары қауіп» тобына енгізілмеген – қауіп топтарындағы адамдарда латентті туберкулез инфекциясын анықтау және диагностикалау алгоритмі сақталмаған.
- Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда туберкулезге күдік болған жағдайда пациентті тексеру схемасы сақталмаған.
5.Пациенті молекулалық-генетикалық зерттеу әдісі және қақырық микроскопиясы нәтижелері теріс болғанына қарамастан, туберкулезге күдік тудыратын симптомдар үдеген кезде фтизиатр дәрігердің консультациясына жіберілмеген.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Шарбақты аудандық ауруханасы» КМК, Хмельницкое ауылының дәрігерлік амбулаториясының ЖТД дәрігеріне қатысты шаралар қабылданды.
8.Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.