|
Тергеу нәтижелері туралы ақпарат |
|
1.Тергеу жүргізудің негізі: 09.01.2026 жылғы № 2 шұғыл хабарламаДиагноз: А 16.0 Ыдырау фазасындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі , МБТ (+), 1А ДЕ тобы, ЕТ туберкулезі, жаңа жағдай профилактикалық тексеру бойынша анықталды.
2. Тексеру жүргізген, бақылау және қадағалау органы: «Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): тартылған жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімдері: 2026 жылғы 12 қаңтар мен 2026 жылғы 10 ақпан аралығында.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» ШЖҚ КМК Екібастұз қ., Энергетиктер көш., 109 А.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: ЖПД учаскелік қызметі 2023 жылғы маусымнан бастап наркологта диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауыратын науқасқа 2024-2025 жылғы наурызда флюорографиялық тексеруді уақтылы жүргізбеген, пациентті жоғары қауіпті тобына қосу туралы деректер жоқ.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлғаға «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» ШЖҚ КМК – ЖПД учаскелік дәрігерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
8.Қабылданған шаралар: Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 12.01.2026 жылғы № 1 қаулысы. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.