Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: туберкулез жағдайларының тіркелуіне байланысты шұғыл хабарламалар:
1) 31.12.2025ж. №220 шұғыл хабарламасы: А19.0 «Өкпенің инфильтрация және ыдырау фазасындағы жедел диссеминирленген туберкулезі. МБТ (+). Төзімді ТБ (КДТ). Жаңа жағдай. ДТ 1В тобы. Проф. тексеру».
2) 30.12.2025ж. №219 шұғыл хабарламасы: А16.0 «Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулезі. МБТ (-). Төзімді ТБ (КДТ). Жаңа жағдай. ДТ 1В тобы. Проф. тексеру».
3) 21.01.2026ж. №8 шұғыл хабарламасы: А16.0 «Өкпенің инфильтрация фазасындағы жедел диссеминирленген туберкулезі. МБТ (-). Сезімтал ТБ. Жаңа жағдай. ДТ 1А тобы. Проф. тексеру».
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) сарапшылар тартылмаған
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы қаңтар айының 5-нен бастап 2026 жылғы 29 қаңтар айына дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ШЖҚ "Павлодар қаласының №3 емханасы" КМК
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
1)Науқас нашақорлық диагнозымен диспансерлік есепте болды және жоғары тәуекел тобына жатады, бірақ белгіленген мерзімде флюорографиялық тексеруден өтпеді, нәтижесінде туберкулез асқынған сатысында анықталды.
Науқас «қауіп тобындағы» тұлға ретінде жыл сайынғы флюорографиялық тексерумен қамтылмаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулез профилактикасы бойынша іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарау, 3-параграф, 80-тармақ, 2-тармақшасының бұзылуы болып табылады.
2) науқас толық тексерілмеген, бас бостандығынан айыру орындарында болған.
3) Өкпе туберкулезінің жағдайы медициналық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, туберкулезбен ауыру және иммунитеттің әлсіреуінен кейін дамыған (науқас түрмеде болған). Іс дер кезінде, шірусіз және бактериялық бөлінбестен анықталып, белгіленген мерзімде қаралды.
7.Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Жалпы практика дәрігері
8.Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама берілді.