Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеужүргізудіңнегізі: туберкулез жағдайларының тіркелуіне байланысты шұғыл хабарламалар:
1) 31.12.2025ж. №220 шұғыл хабарламасы: А19.0 «Өкпенің инфильтрация және ыдырау фазасындағы жедел диссеминирленген туберкулезі. МБТ (+). Төзімді ТБ (КДТ). Жаңа жағдай. ДТ 1В тобы. Проф. тексеру».
2) 30.12.2025ж. №219 шұғыл хабарламасы: А16.0 «Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулезі. МБТ (-). Төзімді ТБ (КДТ). Жаңа жағдай. ДТ 1В тобы. Проф. тексеру».
3) 21.01.2026ж. №8 шұғыл хабарламасы: А16.0 «Өкпенің инфильтрация фазасындағы жедел диссеминирленген туберкулезі. МБТ (-). Сезімтал ТБ. Жаңа жағдай. ДТ 1А тобы. Проф. тексеру».
- Тексеру жүргізгенбақылаужәнеқадағалауорганы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) сарапшылар тартылмаған
- Тергеужүргізумерзімі 2026 жылғы қаңтар айының 5-нен бастап 2026 жылғы 29 қаңтар айына дейін
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ШЖҚ "Павлодар қаласының №3 емханасы" КМК
- Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілерталаптарыныңанықталғанбұзушылықтарыныңсебептеріменсипаты Науқас «қауіп тобындағы» тұлға ретінде жыл сайынғы флюорографиялық тексерумен қамтылмаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулез профилактикасы бойынша іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарау, 3-параграф, 80-тармақ, 2-тармақшасының бұзылуы болып табылады.
- Халықтыңсанитариялық–эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілердіңталаптарынбұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар Жалпы практика дәрігері
- Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама берілді.