Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1.Тергеу жүргізудің негізі: 2025 жылғы 08 желтоқсандағы №7912, №7913, В05 жағдайына қатысты шұғыл хабарламалар, «Павлодар қаласындағы №32 бөбекжай-бақшасы» КМҚК тәрбиеленушілерінде.

  2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 

 3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ

4.Тергеу жүргізу мерзімі 2025 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 29 желтоқсанға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Павлодар қаласындағы №32 бөбекжай-бақшасы» КМҚК.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

«Ересек Б» тобындағы балалардың жалпы саны – 25, оның ішінде егілгені – 22, егілмегені – 3 (бас тарту). Егілмеген балалардың қамтылу үлесі 12%-ды құрайды, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығымен бекітілген «Жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2-тарауының 8-тармағын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бұзу болып табылады».

7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар – жеке тұлғаға шаралар қабылданды, медбике, «Павлодар қаласындағы №32 бөбекжай-бақшасы» КМҚК.

8.Қабылданған шаралар: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

 

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
13 января 2026