Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2025 жылғы 28 қарашадағы №141 В05 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама.
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Тереңкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Байланыстағы адамдардың медициналық мониторингі толық жүргізілмеген (8 контактіні бақылау бойынша MИС бағдарламасында жазба жоқ). Байланыстағы тұлғаға шұғыл екпе жасау жүргізілмеген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №ҚР ДСМ-13 «Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін инфекциялық ауруларға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2-тарау, 5-параграф, 33-тармағының, 3-тармақшасы, 34-тармағын бұзуы болып табылады.
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар – жеке тұлғаға шаралар қабылданды, жалпы практика дәрігері, «Тереңкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылып, жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.