Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі 18.12.2025 жылғы №3 шұғыл хабарлама. диагнозы «Инфильтрация және ыдырау фазасындағы жіті диссиминерленген өкпе туберкулезі, МБТ (+) ЕТ ТБ, жаңа жағдай, 1А ДЕ тобы, қаралу»,
2.Тергеу жүргізген, бақылау-қадағалау органы « ҚР ДСМ СЭБК Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру)
4.Тергеу жүргізу мерзімдері 2025 жылғы 23–30 желтоқсан аралығында
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК,Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квиткова көшесі, 50
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - туберкулезді ерте анықтау бойынша медицина қызметкерлері тарапынан сақтықтың болмауы: Железин аудандық ауруханасы № 9 дәрігерлік учаскесіне бекітілген, 2025 жылға арналған халықты флюороға тексеру жоспары №9 дәрігерлік учаскесі есепке алынбаған, тәуекел тобына жазылмаған. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.03.2022 жылғы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының 2-тарауының 3, 12, 13-тармақтарын бұзу) «Жұқпалы аурулардың (туберкулездің) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы, «Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3-параграфының 79-тармағы).
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – жеке тұлға.
8.Қабылданған шаралар: Анықталған бұзушылықтар үшін жеке тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды