Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің

және оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас

жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілкен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарының 2-тармағына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.
  2. «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 20 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Ішкі қауіпсіздік басқармасы осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                               С. Бейсенова

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының

2025 жылғы « ___»  ______

№ _______ бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің

және оның аумақтық бөлімшелерінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелері

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1) мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық қалыптастыру;

2) мемлекеттік қызметшілердің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымды қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы болып табылады.

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидалары

 

  1. Мемлекеттік қызметші жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндігі мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, пікірлерін, сұрау салуларын қарауы, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауы;

2) адам, әділ, қарапайым болуы, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынас кезінде жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауы, сыпайылылық пен құрмет танытуы;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қолдаудың ашықтығын қамтамасыз етуі;

4) Қазақстан халқының бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сыйластықпен қарауға;

5) өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғамның тарапынан сын айтуға себеп бермеуі, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуі, кемшіліктерді жою өзінің қызметін жақсарту үшін сын-пікірлерді пайдалануы;

6) шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауы;

7) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекетке (әрекетсіздіктерге) жол бермеуі;

8) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметші өзінің құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) қарамағындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты және дәл анықтауы;

2) қарамағындағы қызметкерлері арасындағы еңбек жүктемесін олардың еңбек тәжірибесі мен атқаратын лауазымын ескере отырып, тең бөлуі;

3) қарамағындағылардың қызмет нәтижелерін бағалау, сондай-ақ оларға көтермелеу және жазалау шаралырн қолдану кезінде әділеттік пен объективтілік танытуы;

4) қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік танытуға, адами қасиетін қорлауға, мәдениетсіздікке, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуі;

5) қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерге анық орындалмайтын, лауазымдық міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өкімдер, тапсырмалар бермеуі;

6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерді қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуі;

7) қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарамағындағы қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық заңнамасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауды және жолын кесуді қамтамасыз етуі;

9) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды уақтылы қабылдауы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету, лицензиялық-рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес көрсетуі;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында, Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында және өзге де мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жол бермеуі;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде қаржы нарығы субъектілерінің сұрау салуларына бейімделе отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдауы;

4) мемлекеттік қызмет алушыларға қол жетімді нысанда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсынуы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеуі және сұратпауы;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған арыздарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шағымын қарау кезінде созбалаңға салуға жол бермеуі, оларға қарау нәтижелері туралы белгіленген мерзімде хабарлауы;

7) қызметтік емес қарым-қатынасқа түспеуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арыз берушілермен тікелей байланысты барынша азайтуы;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту жағдайларына жол бермеуі;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметті қоғамдық мониторингілеу нәтижелерін қарауы және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту бөлігінде одан әрі оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметші нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен еркіндігін сақтауы;

2) жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуі;

3) Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуі тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметші қызметшілерді іріктеу және орналастыру бойынша кадр қызметін ұйымдастыру кезінде:

1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауы;

2) жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшіге жүктелетін негізгі міндеттерін, тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіруі;

3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауы;

4) мемлекеттік қызметшілердің жеке деректері туралы мәліметті негізсіз беруге жол бермеуі;

5) жұмысқа кандидаттардан еңбек шартын жасасу үшін қатыныс жоқ құжаттарды талап етпеуі;

6) мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді объективті және жан-жақты жүргізуі тиіс.

 

3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйым салулар мен талаптар

 

  1. Мемлекеттік қызметші:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануы және оны дәйекті түрде іске асыруы;

2) заңдылық қағидатын басшылыққа алуы, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы туралы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы;

3) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, берілген уәкілеттіктерді адал, ымырасыз пайдалануы және өзінің лауазымдық мінедеттерін тиісті орындауы;

4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, оны оңтайлы, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;

5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауы;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуы;

         7) құпиялылықты сақтауы және үшінші тұлғаларға қызметтік, коммерциялық (оның ішінде құнды қағаз нарығында), банктік құпияны, микронесие беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын, сақтандыру құпиясын, зейнетақы жинақтарын, жеке салымдарын (жинақтауларын), мемлекеттік құпияларды және кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен жұмыс істеген кезде алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде алынған тасығыштардың кез келген түрлерінде қабылдау үшін қол жетімдіктің кез келген нысанында жария етпеуі;

8) мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу бойынша шаралар қабылдауы;

9) тікелей басшысына не басшылыққа туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәттен бастап жазбаша хабарлауы;

10) мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындауды тоқтатуы;

11) мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қолдауы: әдеп нормаларын сақтауы, лауазымдық міндеттерін орындау, мемлекеттік қызмет көрсету және жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен басқа да сыртқы және ішкі өзара іс-қимыл жасасуы кезінде дұрыс мінез-құлық танытуы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметшіге:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген, заңнамада белгіленген әкімшілік және(немесе) қылмыстық жауаптылыққа (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа) әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа ұласатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын кінәлі қылықтар жасауға;

2) сыбайлас жемқорлық заңнамасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;

3) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тартуға немесе қолдауға;

4) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;

5) қалыпты жұмыс істеуге және лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;

6) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау өкілеттігін осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға беруге, сондай-ақ өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауды үшінші тұлғаларға беруге;

7) жұмысқа түскен және жұмыс бойынша жылжыту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, тамыр-таныстық) беруге;

8) жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, толық және толық емес аға-апалары (іні-қарындастары), аталары, әжелері, жиен-немерелері, жұйбайы (зайыбы) және (немесе) құда-жекжаттары (жұйбайының (зайыбының) толық және толық емес аға-апалары (іні-қарындастары), ата-аналары мен балалары) материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттерін пайдалануға

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес жақын туыстарымен(ата-аналары, балалары, асырап алушылары, толық және толық емес аға-апалары (іні-қарындастары), аталары, әжелері, жиен-немерелері, жұйбайы (зайыбы) және (немесе) құда-жекжаттары (жұйбайының (зайыбының) толық және толық емес аға-апалары (іні-қарындастары), ата-аналары мен балалары)  бірге жұмыс істеуге;

         10) егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерін орындауға;

11) үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

12) шешімдер дайындау және қабылдау кезінде заңды және(немесе) жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беруге;

13) мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылықтар алу мақсатында өзінің лауазымдық жағдайын пайдалануға;

14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген кәсіпкерлік және өзге де табыс әкелумен байланысты қызметті жүзеге асыруға көмек көрсетуге;

15) материалдық сылықақы, сыйлықтар немесе қызметтер көрсеткен адамдардың пайдасына әрекет еткені (әрекетсіздігі) үшін оларды қабылдауға;

16) жеке өзі немесе делдалдар арқылы өзінің лауазымдық өкілеттерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланумен байланыстызаңсыз мүліктік пайданы және артықшылықты не мүліктік пайда, ақша, қызмет көрсету түрінде және өзге де нысанда заңды және жеке тұлғалардан немесе олардың өкілдерінен мүліктік пайда алу үшін өзінің өзге де өкілеттіктерін пайдалануға;

17) мемлекеттік қызметшілерге және өзге де адамдарға көрсетілген тұлғалардан мүліктік пайда, табыс не артықшылық алу үшін сыйлық беруге және қызметтік емес қызмет көрсетуге;

18) инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға;

19) несиелер, қарыздар алу, құнды қаңаздарды, жылжымайтын мүлік және өзге де мүлік сатып алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;

20) қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

21) мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу мақсатында ресми түрде таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;

22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіппен қарау және өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу тәртібін бұзуға;

23) жеке және заңды тұлғалардан осы адамдардың ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген ақпаратты талап етуге;

24) жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуға, оны кідіртуге, жалған немесе толық емес ақпарат ұсынуға;

25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, сондай-ақ бұл үшін арнайы арналмаған жерлерде телекоммуникациялар желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге тыйым салынады.

 

4-тарау. Қорытынды ережелер

 

  1. Мемлекеттік қызметшілер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауға міндетті.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, тәртіптік жазаға тартылады.
  3. Мемлекеттік қызметшілердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы
Дата публикации
29 декабря 2025