Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 05.11. №20 шұғыл хабарлама, «Сол жақтың жоғарғы жақ абсцессі» диагнозы, АХБ-10 (К10.2) диагнозы. Науқас жұмыс жасамайды, үй мекен-жайы: Екібастұз қ., Беркімбаев көш., 176 – 35 үйі.

2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): қатыстырылған жоқ.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы «06» 11 бастап, 2025 жылғы «04» 12 дейін.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Стоматология» ММ, Екібастұз қ., Торайғыров көш., 22.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Анықталған бұзушылықтар, бөлмелерді жинауға қойылған талаптардың бұзылуы, стерильдік режимнің бұзылуы, тіс жұлуға стерильді қолғаптарды қолданбауы медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның дамуын және асқынулар тудыру мүмкіндігі барын жоққа шығармайды.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Стоматология» ММ, Екібастұз қ., Торайғыров көш., 228. 8.Қабылданған шаралар: Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.  

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
08 декабря 2025