Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

    1.Тергеу жүргізудің негізі: Өкпенің инфильтративті туберкулезі МБТ(-) .A.16.0. 2025 жылғы 29 қазандағы № 137 шұғыл хабарлама

     2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл  ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»   РММ  

 3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ

4.Тергеу жүргізу мерзімі 2025 жылғы 30 қазаннан бастап 2025 жылғы 28 қарашаға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Тереңкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  88.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

Халықты жеке есепке алу деректері бойынша салыстырып тексерумен ақпараттық жүйеде (флюро кабинетінде) профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды және флюрокартотеканы қалыптастыруды тіркеу жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы No ҚРДСМ-29 «Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (Туберкулез)» Санитариялық қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының 2-тарауының 12-тармағын бұзу.

7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар - учаскелік медбике.

8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылып, жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
04 декабря 2025