Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: тіркеуге байланысты шұғыл хабарлама: Қызылша, кәдімгі түрі, орташа ауырлықтағы, ықтимал жағдай
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2025 жылғы 7 сәуірден - 5 мамыр аралығында.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Байқоныс ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті, Байқоныс ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51-үй.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.