27.03.2025ж. №13 шұғыл хабарлама «Бас терісінің трихофитозы, беткей»

  1. Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     

    1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 27.03.2025ж. №13 шұғыл хабарлама «Бас терісінің трихофитозы, беткей».
    2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
    3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) жоқ
    4. Тергеу-тексеру жүргізу мерзімі 2025 жылғы 27 наурыздан 2025 жылғы 25 сәуірге дейін.
    5. Тергеп тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Павлодар облысы білім басқармасы, Ақсу қаласы білім бөлімі «Ю.Гагарин ат. орта мектебі» КММ.
    6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтар актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:

    -  спорт залды тазалауға арналған тазалау құралдарының таңбаланбауы, тазалау жабдығы пайдаланылғаннан кейін өңделмейді;

    - дезинфекциялық ерітіндінің арнайы таңбаланған ыдысы және дайындау күні көрсетілмеген.

    1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзуға жол берген жеке және (немесе) занды тұлғалар ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен жеке тұлға  
    2. Қабылданған шаралар Бөліммен санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды
27.03.2025ж. №13 шұғыл хабарлама «Бас терісінің трихофитозы, беткей»
Дата публикации
30 апреля 2025