Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Департаментке және оның аумақтық басқармаларына "Е-Өтініш" АЖ-ға 239 өтініш (2024 жылы-277) келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан -192, оның ішінде ұжымдық өтініштер -9, заңды тұлғалардан - 47, 2024 жылмен салыстырғанда динамикадағы айналымдар өсімінің төмендеуі – 86,2% - құрайды.

Басқа мемлекеттік органдарға жіберілді – 73.

Әкімшілік рәсім тәртібімен 147, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен – 19 өтініш келіп түсті.

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық – 9.

Департаменттің 2025 жылдың 1 тоқсанында жүргізген талдауына сәйкес өтініштердің негізгі бөлігі келесі мәселелерді қозғайды:

– азық-түлік саласындағы бұзушылықтар – сапасыз өнімдерді сатып алуға, сауда объектілерінде антисанитариялық жағдайларға, тауарларды таңбалауға, буып-түюге қатысты.

– коммуналдық объектілер саласындағы бұзушылықтар бойынша – көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға, жағажай аумағын абаттандырудың Санитарлық ережелерін бұзуға, қоқысты уақтылы шығармауға, қоқыс контейнерлерінде қақпақтардың болмауына қатысты;

- өзгелері – еңбек өтілін растауға, мұрағаттық анықтамалар беруге қатысты.

         Департамент басшысының азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын жүргізіледі. Департамент басшысының және аумақтық басқармалар басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі Департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда өңірлердің тұрғындары сенім телефоны 8(7182) 551882 арқылы хабарласа алады.

          Департаментке және оның аумақтық басқармаларына өтінішті "e-otinish"АЖ өтініш беру платформасы арқылы беруге болады.

 

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы
Дата публикации
29 апреля 2025