Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

    1. Тергеп-тексеру жүргізу негіздері: Сынақ сатып алу нәтижелері бойынша өнімді зерттеу нәтижелері.

   2. Тергеуді жүргізген бақылау және қадағалау органы РММ «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

  3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалану туралы келісім) ___жоқ___

  4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері: "18" желтоқсан 2024 жылы "15" қаңтар 2025 жылы.

  5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК «Галактика-ПВ» Галактика дүкені Павлодар қ., Катаев көш., 51.

   6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтардың себептері мен сипаты: Тергеу барысында бұзушылықтар анықталды: таңбалауға сәйкес келмейтін өнімнің 11 түрі Кеден одағының техникалық регламентінің КО ТР 017/2011" Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" шешіміен бекітілген 3-б., 1-т., 2-т., 3 т., талаптарын бұзу болып табылады. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен бекітілген балаларға арналған 20 өнім таңбалауға сәйкес келмейді, бұл Кеден одағының КО ТР 007/2011 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген 2-б., 1-т., 2., талаптарын бұзу болып табылады.  Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылмаған. Осы бұзушылық фактісі бойынша кәсіпкерлік субъектісіне техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың 15.01.2025 ж. №33 бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және сатудан кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы табыс етілді.

   7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар кіреді: "Галактика" дүкенінің жеке кәсіпкері.

  8. Қабылданған шаралар:"Галактика-ПВ" жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қысқартылған тәртіппен 115 АЕК ұсынылды.

 

 

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
20 января 2025