Азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіту туралы

Азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабын орындау үшін, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:

1.Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі (бұдан әрі – Кесте) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.Қалалық және аудандық СЭББ басшыларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Қалалық және аудандық СЭББ басшылары:

3.1.Кестені қалалық және аудандық әкімдіктер сайттарында, сондай-ақ көпшілікке көрінетін жерлерде орналасуын қамтамасыз етсін.

4.Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы  Наурзбаева С.М. кестені Комитет сайтында және көпшілікке көрінетін жерде орналастыруды қамтамасыз етсін.

5.Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 38 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын.

6.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

        Департамент басшысы                                                   Б.Алиев

Дата публикации
10 октября 2024