Азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіту туралы

          "Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

           1.Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі (бұдан әрі – Кесте) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Қалалық және аудандық СЭББ басшыларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қалалық және аудандық СЭББ басшылары кестені ресми сайтта, сондай-ақ басқармалардың қоғамдық орындарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

 4.Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы

А.Е. Нұршаеваға кестені Комитет сайтында және көпшілікке көрінетін жерде орналасуын қамтамасыз етсін.

          5.Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі  № 406 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын.

 6.Осы бұйрықтың орындалуын департамент басшысының орынбасары

О.А. Загурскаяға  жүктелсін.

Дата публикации
27 января 2023