|
Тергеу нәтижелері туралы ақпарат |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
1.Тергеу жүргізудің негізі: «Еуразия медициналық орталығы» ЖШС Ақсу қалалық өңірлік бөлімшесінің 2026 жылғы 03.09-тегі МКБ J41.0, J44.8? коды бойынша диагноз туралы № 2 шұғыл хабарлама.
2.Тексеру жүргізген,бақылаужәнеқадағалауорганы: «Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру):
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының Ақсу қалалық бөлімшесі.
4.Тергеу жүргізу мерзімдері: 2026 жылғы 07.09 бастап, 2026 жылғы 09 дейін.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Ақсу қаласы, Өнеркәсіп көшесі, 40-шы ғимарат, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферросплав зауыты.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты Тексеру барысында жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясына өлшеулер жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 9 сынама анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 «Қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарының атмосферлік ауасына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Бұйрығының бұзылуы болып табылады (2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 2260001038931832 жабық үй-жайлар мен жұмыс аймағының ауа сынамаларын іріктеу және зерттеу хаттамасы).
Микроклимат параметрлерін өлшеу нәтижелері бойынша 1 сәйкессіздік анықталды: ауа температурасы +15 °C-тан +26 °C-қа дейінгі рұқсат етілген норма кезінде +28 °C құрады, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «Адамға әсер ететін физикалық факторларға гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Бұйрығының талаптарын бұзады (2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 2260001088931222 метеорологиялық факторларды өлшеу хаттамасы).
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің: лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес — 4-ші разрядты энергетикалық жабдықтарды жөндеу және күтіп-ұстау шебері.
8.Қабылданған шаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.