Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: 26.08.2026 жылғы №5 шұғыл хабарлама, А16.0 диагнозының тіркелуіне байланысты.
- Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 26.08.2026-24.09.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Шарбақты аудандық ауруханасы» КМК, емхана, Шалдай а. дәрігерлік амбулаториясы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Туберкулез инфекциясы ошағында байланыста болған адамдарды бастапқы тексеру (АТР-тестілеу) жүргізілмеген – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығы — «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 42-тармағының 2-тармақшасын бұзу.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-ққұқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: медбике.
- Қабылданған шаралар: Жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.