Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.

1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: ХБЖ A41 - S21.1. 16.07.2026 жылғы № 4362 Шұғыл хабарлама.2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру):  қатыспаған.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы "20" шілдеден 2026 жылғы "18" тамызға дейін

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ-дағы КМК, Павлодар қ., Ткачев көшесі, 10/3

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында анестезиология және реанимация бөлімшесінде дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылуы анықталды: медициналық аспаптарды дезинфекциялауды жүргізу қағидаларының бұзылуы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарауы 42-тармағының бұзылуы. Тексеру барысында сыртқы орта объектілерінен шайындылар, ауа сынамалары, дезинфекциялау құралдары алынды. Зертханалық бақылау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижелер анықталған жоқ.            Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы Қаулы берілді.            Пациенттің реанимация және анестезиология бөлімшесінде ұзақ уақыт болуын, көптеген тамыр ішілік құрылғыларды, ӨЖЛ/трахеостомияны және ұзақ уақыт бойы антибиотиктермен емдеуді ескере отырып, инфекцияның госпитальдік сипаты барынша ықтимал; инфекция берілуінің мүмкін болатын факторларының бірі ретінде тамыр катетерін қарастырған жөн. Сондай-ақ, іріңді-септикалық инфекцияның даму мерзімін: Аэробты сепсис. Септицемия. Төс сүйегінің инфекцияланған жарасын және дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің анықталған бұзылуларын ескере келе – бұл жағдай «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК-да медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның (МКБИ) ықтимал жағдайы ретінде бағаланды. Жұқтыру жолы – экзогендік. 

7. Санитарилық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік талаптарды бұзғаны анықталған жеке және/немесе заңды тұлғаларға қатысты: жеке тұлға - «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, Павлодар қ. Ткачев көшесі 10/3

8. Қабылданған шаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды, санитарилық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы берілді.

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.
Дата публикации
27 августа 2026