Анықтама «Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

 

Анықтама

«Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

 

       Павлодар қ.                                                                                                               14.08.2026  жыл

 

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 17.07.2026 жылғы № 23-36-1-03-157-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобымен «Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де (бұдан әрі – Басқарма) 01.05.2025 жылдан 01.05.2026 жылға дейінгі кезеңде жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша тексеру жүргізілді.

 

Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі

Тексерілетін кезеңде Басқарма «Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін 9 рет көрсетті, 2 эпидемиологиялық тергеп-тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша 2 жоспардан тыс тексеру, біліктілік талаптарына сәйкестігіне 1 тексеру, 2 ұсыным талданды.

17.10.2025 ж. бастап 07.11.2025 ж. дейін «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның Михайловка ауылының ВА-да біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді, тексеруді тағайындау туралы №7 акт 16.10.2025 ж.

Бұзушылықтар анықталды:

- тексеруді тағайындау туралы актімен бірге тапсырылатын тексеру парақтарында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау лауазымды тұлғалары көрсетілмеген, қолдары қойылмаған.

Біліктілік талаптарына сәйкестігіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар туралы нұсқама берілді, «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК заңды тұлғасына қысқартылған тәртіппен 412 мың 860 теңге сомасында айыппұл салынды. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылды.

Субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 23.07.2025 ж. №12 берілген ұсынымдар «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның 34 объектісіне қатысты талданды. Ұсынымдар 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну бойынша берілген. Ақпарат субъект тарапынан 29.07.2025 ж. ұсынылған.

Сондай-ақ, 09.02.2026 ж. №7 ұсыным 2025 жылдың 2 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өндірістік бақылау нәтижелерін ұсыну жөніндегі ЖК Мощенский А.В.-ға (стоматологиялық кабинет) берілді. Ақпарат субъект тарапынан 19.02.2026 ж. №80 ұсынылған.

Бұзушылықтар анықталды:

-Басқарманың ұсынымдарды 23.07.2025 ж., 09.02.2026 ж. кеш беруі.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 2-қосымшасының 1) тармақшасына сәйкес – «жеке және заңды тұлғалар (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңызы бар объектілердің иелері) есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күніне аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жарты жылда бір рет ақпарат ұсынады».

2025 жылғы 25.07. №13 санитариялық қағидаларға объектінің сәйкестігі туралы СЭҚ алуға байланысты бұзушылықтарды жою туралы ұсыным – Еңбекші ауылының ЖОМ медициналық кабинеті бойынша. «Железин аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК басшысы Пак Р.А.-ның 05.09.2025 ж. жауабы алынды, онда Еңбекші ЖОМ-нің медициналық кабинеті объектісінің санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 22.08.2025 ж. алынғаны көрсетілген.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер, эпидемиологиялық тергеп-тексерулер жүргізу және жоспардан тыс тексерулер бойынша ескертулер анықталған жоқ.

 

Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау

Тексерілетін кезеңде басқарма мамандарымен ауданның жалпы 10 сауда объектісінде бақылау сатып алуы жүргізілді.

Бақылау сатып алуы шеңберінде барлығы тамақ өнімдерінің 84 сынамасы іріктеліп алынды. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінің 6 сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды.

Бақылау сатып алуы нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша объектілерге техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) алып қою және сатудан қайтарып алу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары түрінде 3 жедел ден қою шарасы қолданылды.

Жедел ден қою шараларын қабылдауға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау толық көлемде жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алуының қорытындысы бойынша тергеп-тексерулер жүргізілген жоқ.

Көрсетілген кезеңде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуына қатысты өтініштер келіп түскен жоқ.

Жүргізілген талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

 

 

Тамақтану объектілерін бақылау

Тексерілетін кезеңде тамақтану объектілерін бақылау бөлімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес кесте бойынша тексерулер, бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

2026 жылғы қаңтарда 6 бақылау және қадағалау объектісіне қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізілді, оның ішінде: ЖК Витковский Н.И., ЖК Халитов Р.Г., ЖК Кабдулова Б.О., ЖК Усина Б.З., ЖК Айсакова О.С., ЖК Кукузов Ж.А., 2025 жылдың 2-жартыжылдығындағы өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар рәсімдеу жолымен.

Алайда, Басқарма маманы ұсынымдарды белгіленген мерзімдерді бұза отырып (2026 жылғы 19-21 қаңтар аралығында) рәсімдеген және табыс еткен.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес ұсынымдар бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер белгіленген мерзімде ұсынымдардың орындалуы туралы жауаптарды ұсынбаған.

Заңнама талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамау, сондай-ақ ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.

Алайда, алты объектінің ішінен 2026 жылдың 2-жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне тек ЖК Витковский Н.И. енгізілген. Қалған объектілерді енгізбеуді негіздеу бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жалпы санының бес пайызынан асып кетуімен байланысты.

Көрсетілген мән-жайлар бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру кезінде мамандардың жеткілікті толық және дәйекті талдау жүргізбегенін көрсетеді.

 

Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау

Тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес кесте бойынша тексерулер, бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

Павлодар облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Железин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-не қатысты Железин ауданы прокуратурасының 18.08.2025 жылғы № 2-13-25-07626 тексеруді тағайындау туралы қаулысының негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында мынадай объектілер тексерілді: «Арман» спорт кешені, Железинка ауылы, Береговая көшесі, 39Б; «Железин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 6; дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 10А.

Тексеру барысында жарықтандыру деңгейлеріне аспаптық өлшеулер – 14 өлшеу, сондай-ақ микроклимат параметрлеріне – 14 өлшеу жүргізілді, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша Железин ауданының прокуратурасына анықтама жіберілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

14.04.2026 жылғы № ЖТ-2026-01578456/1 келіп түскен өтініш бойынша Павлодар облысының білім басқармасының Железин ауданының білім бөліміне қарасты «Захаров негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-не қатысты 16.04.2026 жылдан 29.04.2026 жылға дейінгі мерзімде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша өтініште көрсетілген бұзушылықтар расталды, тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, 28.04.2026 жылғы №3 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жүргізілген талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бойынша

 

Тексеру материалдарын зерттеуге қатысты

01.01-30.04.2026 жылдардағы зерттелген тексеру материалдарының барысында, сондай-ақ Басқарма ұсынған 01.05.2025 ж. бастап материалдарда келесі бұзушылықтар анықталды:

Тексеру материалдарында

 

Әкімшілік істерді зерттеуге қатысты

Тексерілетін кезеңде 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Басқарма әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2 іс жүргізу қозғады, қысқартылған тәртіппен 452 180 теңге сомасына айыппұлдар салынды, барлық айыппұлдар өндіріп алынды. Барлық әкімшілік істер планшетте электрондық түрде жасалды.

2026 жылғы 1 қаңтардан 30 сәуірге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 3 іс жүргізу қозғалды, қысқартылған тәртіппен 1 730 000 теңге сомасына айыппұлдар салынды, 2 айыппұл өндіріп алынды. 1 айыппұл тоқтатылды. Барлық әкімшілік істер планшетте электрондық түрде жасалды.

Барлық әкімшілік істер компьютер арқылы электрондық түрде жасалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді зерттеу барысында келесілер анықталды:

Кейбір әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларда құқық бұзушылық фабуласында анықталған бұзушылықтардың фактілерін көрсету орнына тек Санитариялық қағидалардың тармақтары көрсетілген.

Сондай-ақ, Басқарма 2026 жылғы 13.01. № 265542450000001 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ҚР ӘҚБтК-нің 741-бабына сәйкес құқық бұзушылық құрамының болмауы негіздері бойынша іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайларға байланысты «Железин ауданының БЖСМ» КММ-не қатысты тоқтату туралы қаулы шығарған.

Алайда, әкімшілік хаттама тоқтатылғанына қарамастан, Басқарма сол бір субъект «Железин ауданының БЖСМ» КММ-не қатысты 2026 жылғы 22.01. № 265542450000002 әкімшілік құқық бұзушылық туралы тағы бір хаттама жасаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 12-бабына сәйкес бір құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға жол берілмейді.

Осылайша, істің мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілмеуі, дәлелдер мен уәждерге тиісті бағаның болмауы, сондай-ақ оларға құқықтық баға бермеу жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартудың себебі болып табылады, бұл әкімшілік іс жүргізулер материалдарын жүргізу жағдайын тексеру арқылы тікелей дәлелденеді.

Бұл фактілер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс талаптарының өрескел бұзылғанын көрсетеді, бұл одан әрі аталған хаттамаға шағымдануға және оның сотпен тоқтатылуына әкелуі мүмкін.

 

ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша СЭБД «Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-не ұсынымдар:

1.Тексеру тағайындау туралы актімен бірге тексерілетін субъектіге табыс етілетін тексеру парақтарында лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә.-н, қолдарын міндетті түрде көрсету, субъект басшысының танысуын қамтамасыз ету.

2.Субъектіге бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу бойынша ұсынымдардың заңнамаға сәйкес берілуін қамтамасыз ету.

3.Анықталған бұзушылықтарды ұсынымдар бойынша жою жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Департаменттің персоналды басқару қызметіне 01.09.2026 ж. дейін ұсыну.

4.Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты Департаменттің персоналды басқару қызметіне 15.09.2026 ж. дейін ұсыну.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 августа 2026