Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

 

1.Тергеу жүргізудің негізі: 31.07.2026 ж. А16.0, 29.07.2026 ж. А16.0, 08.07.2026 ж. А16.0 ауруын тіркеу жағдайы бойынша шұғыл хабарлама.

2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған

4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 10 шілденің 2026 жылғы 07 тамызға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: тартылған жоқ

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: 1. Пациентке «қауіп-қатер тобындағы» тұлға ретінде 2025 жылы жыл сайынғы флюорографиялық тексеру жүргізілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулездің профилактикасы бойынша іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2-тарауының 3-параграфындағы 80-тармақтың 2-тармақшасын бұзу болып табылады.2. Патология анықталғаннан кейін пациентке фтизиатрдың консультациясы жүргізілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың (туберкулездің) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2-тарауының 5-тармағын бұзу болып табылады.3. Науқас нақты тұратын жері бойынша диспансерлік есепке алынуына байланысты емханаға 31.07.26 ж. бастап тіркелді. Байланыста болған адамдар уақытылы тексерілді, туберкулез процесі дер кезінде анықталды

7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және(немесе)заңды тұлғалар: 2 жалпы практика дәрігері

8.Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді, құқықбұзушылық туралы хаттама шығарылды 

 

 

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
17 августа 2026