1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі «Viamedis Pavlodar» ЖШС-де 2026 жылғы 24 маусымда (№ 4040) тіркелген диагнозға НППИ (T88.1) қатысты шұғыл хабарлама.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы_«Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі_2026 жылғы 29 маусымдан 2026 жылғы 24 шілдеға дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Viamedis Pavlodar» ЖШС, Павлодар қ., көш. Назарбаев даңғылы 309/2-15.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Тексеру барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:
1.Вакцинациядан кейінгі 30 минут ішіндегі медициналық бақылау туралы жазбаның болмауы – бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі «Халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 150 бұйрығының 2-тармағының 41-тармақшасын бұзу болып табылады;
2.Оқиғаға қатысты шұғыл хабарламаны кешіктіріп ұсыну (науқастың келуі: 2026 жылғы 15 маусым; шұғыл хабарламаны ұсыну: 2026 жылғы 24 маусым); бұл әрекет «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жұқпалы аурулар мен улану жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығының 2-тарауының 4-тармағын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке тұлғалар: учаскелік фельдшер, учаскелік мейіргер
8.Жеке тұлғаларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары - 2 айыппұл санкциялары.