Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 25.05.2026ж шұғыл хабарлама, диагноз: А(16,2; А 18.0)
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Баянауыл ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Павлодар облысы СЭБД ҚР ДСМ СЭБК
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)_ __тартылған жоқ_________________________________________________
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 25.05.2026 ж. бастап 23.06.2026 ж. дейін
Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар__
ШЖҚ КМК Баянауыл аудандық ауруханасы, Майкаин кенті ауруханасы, Джамбул көшесі 74
5.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты бұзушылықтар анықталды
6.Туберкулезге күдік туындаған пациентті алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда тексеру алгоритмі сақталмаған – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №35 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 67, 69-тармақтарының және 3-қосымшасының талаптары бұзылған.
Қорытынды: КТ нәтижесі бойынша оң жақты гидроторакс белгілері, төменгі бөліктің сызықтық ателектазы анықталған. Оң жақты перисциссурит. Созылмалы бронхит. Аз мөлшердегі гидроперикард. Қолқа мен коронарлық артериялардың атеросклерозы.
Жалпы практика дәрігері туберкулезге қатысты қырағылықтың жеткіліксіздігі анықталды – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген «Жұқпалы аурулардың (туберкулездің) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3-тармағының 1-4-тармақшаларының және 19-тармағының 1,4-тармақшаларының талаптары бұзылған.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар учаскелік дәрігер
8.Қабылданған шаралар: Санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы берілді, әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы.