Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 20 мамырдағы №3389 В05 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама, «Павлодар қаласының № 16 бөбекжай-бақшасы» КМҚК тәрбиеленушісінде
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 22 мамырдан бастап 2026 жылғы 19 маусымға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Павлодар қаласының № 16 бөбекжай-бақшасы» КМҚК
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 21 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. 12 топтың 8-інде балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі сақталмай отыр, бұл «Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығының 2-тарауының 8-тармағын бұзу болып табылады
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар – лауазымды тұлғаға шаралар қабылданды
8.Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама, басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды