Департамент функцияларының бірі аумақтық басқармалардың мамандарына мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады. Әсіресе, тікелей қарым-қатынас барысында жүргізілетін консультациялар тиімді болып табылады.

Осы мақсатта Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Б.Ақылбекова мен персоналды басқару қызметінің басшысы А. К. Бейсенова Павлодар аудандық басқармасының ұжымымен кезекті кездесу өткізді.

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілер әдебінің қағидаттары және адалдық, ашық ой мен әділеттіктің жоғары стандарттарын сақтау қажеттігі туралы еске салынды.

Мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының статистикасы келтірілді.

Жас мамандардың тиісті моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс ерекше назар аударуды талап етеді және бұл бағытта формальды көзқарасқа жол беруге болмайды. Басқарманың жас мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормалары, әріптестермен қарым – қатынас мәселелері бойынша жеке әңгімелер өткізілді, өйткені ұжымдағы қарым-қатынас корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың негізі болып табылады.

Қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны құру өнімділікті арттыруға, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді және үйлесімді жұмысты қамтамасыз етеді.

Департамент функцияларының бірі аумақтық басқармалардың мамандарына мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады. Әсіресе, тікелей қарым-қатынас барысында жүргізілетін консультациялар тиімді болып табылады.
Дата публикации
24 июня 2026