Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 19 мамырдағы №6 В35 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама, «Аққулы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысында
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Аққулы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылғы 16 маусымға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Аққулы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, медициналық кабинет «Аққулы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Қорытынды дезинфекция мектепте жүргізілді. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды