Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат 

 

1.Тергеу жүргізудің негізі: «А23» диагнозын тіркеуге байланысты шұғыл хабарлама 05.05.2026ж

2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы –«Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған

4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 05 мамыр 2026 жылғы 29 мамырға дейін.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

            ЖШС «Viamedis    Pavlodar», Павлодар қ, Ткачева кошесі, 16/1

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: науқас клиникалық көріністер бейіні бойынша мамандарды тарта отырып тексерілмеді.  Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу талаптары» санитариялық қағидаларының 9-тарауы 202-тармағы талаптарын бұзу болып табылады.

7.Халықтың санитариялық– эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға.

8.Қабылданған шаралар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
29 мая 2026